ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейге қарасты Жарқын ауылында жол құрылысы аяқталды

Осы уақытқа дейін Жарқын ауылының тұрғындары үшін жол жөндеу ең өзекті мәселелердің бірі болып келген. Қазіргі таңда Жарқын ауылында жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін Жарқын ауылын жолдың жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты, кіреберіс жолдың ресми ашылу салтанаты құрметіне мерекелік шара өтті. Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және ауыл тұрғындары қатысты.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жарқын ауылына 8,3 шақырым кірме жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы 49900 шаршы метрді құрайды, асфальттың қалыңдығы 6 см, сондай-ақ жол белгілерін орнату көзделген. Бұл жоба ведомстволық сараптамадан өтті.

— Мен әкім болып тағайындалған күннен бастап жарқындықтар жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап келеді. Күз мезгілінде жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмағандықтан, жұмыстарды көктем мезгіліне қалдырдық. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтады. Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын”,- деді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Семей қаласының мәдениет бөлімінің ұйымдаструымен балаларға театрландырылған қойылымдар қойылды, тәттілер таратылды. Ауыл халқы бауырсақ пісіріп пен палау басып, қуанышқа орай ақ жарма тілектерін жеткізді.

– Жарқын ауылының тұрғындарының көпшілігі қалада жұмыс істейді. Жол азабын қаншама жылдан бері көріп келе жатырмыз. Міне, асфальт төсемдерін жүргізу басталды. Облыс әкімі мен қала әкіміне Жарқын ауылының тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Осының құрметіне ауыл халқы бірлесіп, той-думан жасап жатырмыз, – деді ауыл тұрғыны.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button