4 маусым — мемлекеттік рәміздер күніне орай, Семей қаласының жастар ресурстық орталығы мен “Jastar ruhy” жастар қанатының бірлескен акциясы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шара барысында қала тұрғындарымен мемлекеттік әнұран шырқалып, патриоттық әндер айтылды.
Шараның мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Semeynews.kz