ҚоғамСемейТОП

Семейде аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары басталды

Биыл Семейде 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда 343 квартал мен Глинки көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын жөндеу жұмыстары басталды. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мердігерлермен құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

«Біз аулаларды жасамас бұрын, жер астындағы желілерді де өзгертеміз. Себебі басты мәселе- абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін туындауы мүмкін. Мердігерлер жұмыстардың сапалы жүргізілуіне көңіл аударулары керек”, – деді қала басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласында 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. Биыл 180 тұрғын үйді қамтитын 70 ауланы күрделі жөндеуден өткізіп, әр жыл сайын аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button