БілімҒылымСемейТОП

Семейде дарынды балалар марапатталды

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша қала мектептерінің дарынды 500-ден астам оқушыларының дәстүрлі шеруіне қала әкімінің орынбасары Мұқатаев Жәнібек Қайратұлы, қалалық мәслихат депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Семей мемлекеттік Шәкәрім университетінің профессорлық – оқытушылық құрамы, ата-аналар қауымдастығы, қалалық педагог қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының басшысы қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ғылым негіздері бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде 83 оқушы, республикада 243 оқушы, ғылыми жоба бойынша облыста 71 оқушы, республикада 4 оқушы, халықаралық деңгейде 4 оқушы, спорттық сайыстар мен шығармашылық конкурстардың республикалық кезеңінде 85 оқушы, халықаралық спорттық жарыстарда 43 оқушы марапатталды.

Қатысушылар қаланың дарынды оқушыларына ықыласты тілектері мен жетістіктеріне табыс тілеп, болашақта да үлкен жеңістер тілейтінін айтты. Сонымен қатар қаламыздың кәсіподақ ұйымының басшысы Жанат Ахметжанқызы осы дарынды балаларды дайындаған ұстаздарды марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады. Оқу жылы барысында мектеп оқушыларын ғылыми жобалар сайысына дайындап, мектептер бірлесе жұмыс атқарған Шәкәрім университетінің ғалымдарына қала әкімінің алғыс хаты табысталды. Шара мерекелік концертке ұласты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button