Абай облысының әкімінің төрағалығымен Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды, сондай-ақ нақты ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.
2025 жылға дейін Үржар ауданы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. ТКШ саласын дамыту мәселелерін Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында талқылады.
Үржар ауданында су құбыры желілерінің құрылысына ерекше назар аударылды.
Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданның бес елді мекенінде жалпы ұзындығы 20,4 км желілерді орташа жөндеуге 748,3 млн теңге бөлінді. Қаражаттың жұмсалуы үнемі бақылауда.
Айта кету керек, Үржар ауданында 53 елді мекен орналасқан, олардың 29-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Оларда 70 мыңға жуық адам тұрады.
- Олар халық санын ескере отырып, кезектілік тәртібімен ауыз сумен қамтамасыз етілді. 29 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау бар, 12 – блок-модульдік станциялар арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген, тағы 12-де тиісті құрылыс жұмыстары жалғасуда,- деп түсіндірді Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов.
Ауданның барлық елді мекендерін 2025 жылға дейін ауыз сумен толық қамтамасыз ету жоспарлануда.
Комиссия отырысында Үржар ауданындағы көшелерді орташа жөндеу, сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов атап өткендей, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілімен бірлесіп Үржар ауданындағы сумен жабдықтау мәселелері туындайтын нысандарды көзбен шолып тексеру жүргізілді.
- Қоғам қайраткерлерінің де барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мәселелеріне қатысуы маңызды. Өйткені, біздің міндетіміз – тәуекелдермен процестердің қай жерде жүріп жатқанын түсіну үшін ауырсыну нүктелерін бірлесіп табу, – деп атап өтті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып өткізілетінін, онда барлық рәсімдер автоматты түрде жүргізілетінін айтты.
- Апта сайын қала және аудан әкімдерінің орынбасарларымен жұмыс барысы туралы кеңестер өткізіледі. Айта кету керек, жұмыстар барлық бағыттар бойынша басталып, тұрақты бақылауда болады, – деп қорытындылады Димитрий Гариков.
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Абай облысының жұртшылығының қатысуымен Республикалық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау және өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жұмыс барысы қаралды.
Semeynews.kz