ҚылмысСемейТОП

Жарма ауданының тұрғынынан есірткі орамы тәркіленді

Жарма ауданы ПБ қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Қалбатау ауылының 33 жастағы ер адамнан қоңыр-жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тектес заттары бар қағаз орамы табылып тәркіленді. Ұсталған адам аталған орамды тауып алып, өзіне қалдырам деп шешім қабылдағанын жеткізген.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 2,12 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы екенін көрсетті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button