Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні соңғы қоңырау мен балалар күні мерекесіне орай қаланы патрульдеу барысында Семей қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мектеп бітіруші түлектерді тасымалдап жүрген “HAMMER” маркалы лимузин автокөлігін тоқтатты. Нәтижесінде, аталған көлік иесінің жалған номер тағып алғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 590 бабы 4 бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару )бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.
Осы баптың санкциясы бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.