

Вакциналаушылардың таңдау мүмкіндігіне қарай вакцинаның үш түрі ұсынылған. Олар: ресейлік “Спутник V”, қазақстандық “Qaz covid in” және БАӘ Қытаймен бірлесіп шығарған “Hayat vac”.
– Алдымен қолданыста ресей өндірісінің “Спутник V “вакцинасы болды. Содан кейін бізге Қарағанды өндірісінің” Спутник V “вакцинасы әкелінді. Қазір бізде вакцинаның үш түрі бар. Осылайша, әркім өзіне ұнаған вакцина түрін таңдай алады. Бүгін бізге 800 доза “Спутник V” вакцинасының кезекті бөлігі келді. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, “Спутник V” вакцинасының екінші компоненті 45 күннен кейін егіледі. Алайда, пациент өтініш жазса, біз оны 21 күннен кейін де саламыз, – дейді Семей қ. №2 емханасының бөлім меңгерушісі Надежда Краснюкова.
Дәрігерлер сонымен қатар вакцина алғаннан кейін дене қызыуының жрғарылауы, бас ауруы байқалатынын ескертуде. Сондықтан әрбір вакцинаға реакция пайда болған жағдайда қажетті әрекеттерді сипаттайтын жадынама беріледі.
Айта кетейік, ерікті вакцинациялау жалғасуда.
Semey News