Бүгін Семей қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 20-ға жуық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламалар қаланың орталында ғана емес, шеткері аумақтарында да өтеді. Мерекеге орай қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов “Семей қаласының мамандандырылған балалар үйіне” барды. Балаларға қаламыздың аниматорлары, ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылыммен өнер көрсетті. Сонымен қатар, мекеме тәрбиеленушілерін мерекелік дастархан мен түрлі тәттілермен қуантты.
“Жаздың күні қандай жайдары болса, бұл мереке де сондай шұғылалы болуы керек. Баланың жүзін кірбің шалмауы – барлық ата-ананың басты арманы болса, ал мемлекеттің негізгі міндеті. Балаларға тек мереке күні ғана емес, жылдың әр күнінде көңіл бөліп, қорғауымыз қажет”,– деді қала әкімі Н. Нұрсағатов.
Түске тақау “Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Балалық шақ – ертегі әлемі!” атты мерекелік шара өтті. Мерекелік іс-шараға ертегі кейіпкерлері келіп балалармен ойындар ойнап, би билеп іс-шараны қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.
Мерекелік бағдарламалар тәулік ішінде жалғасатынын хабарлаймыз. 14:00- 17:00 аралығында Қарағайлы шағын ауданында, Әуезов алаңында, жағалауда, Арбатта мерекелік іс-шаралар өтеді.