Абай облысыТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Эпоха возраждения» орман питомнигінің (Красноярск) өкілдерімен кездесу өткізді

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар жол картасын құруға және өңірді көгалдандыру мақсатында ынтымақтастық орнатуға келісті. Сонымен қатар, «Семей орманы» МОТР» РММ және облыстың жеке орман питомниктерімен әріптестік мәселелері талқыланды.

«Семей орманына жақында болған орман өрттері үлкен зиян келтірді, өрт мыңдаған гектар ағаштар мен өсімдік жамылғысын қиратты. Алда жоғалған экожүйені қалпына келтіру үшін көп жұмыс күтіп тұр. Өңір ағаш отырғызу материалдарының тапшылығын азайтуға және аумақтарды көгалдандыруды өз бетінше қамтамасыз етуге ниетті», – деді Нұрлан Ұранхаев кездесу барысында.

Бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың Красноярск орман питомнигінің өкілдерімен кездесуі кезінде облыс аумағында орманды қалпына келтіру және орман өсіру үшін жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалын өндіру жөніндегі жылыжай кешенін орналастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button