ШҚОКриминалТОП

ШҚО-да ер адам азаматтық некедегі жұбайын кепілдікке алды

ШҚО-да ер адам азаматтық некедегі жұбайын кепілдікке алған: құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаны алдын алды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз өызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 18 мамырында Өскемен қаласының Полиция басқармасына 35 жастағы азамат қоңырау шалып, ол өзінің азаматтық некедегі жұбайына қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына келген арнайы орган қызметкерлері онымен келіссөз жүргізе бастаған. Біршама уақыт өткеннен кейін ер адам ойынан қайтып, әйелді босатқан. Оқиға барысында адам шығыны мен зардап шегу жағдайларына жол берілген жоқ.
Әрі қарай тексеру барысында аталған азамат психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Оның  психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button