ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 19 мамырда 13 сағат 27 минутта ұйымдағы жұмысшыдан Терешков көшесі бойындағы ағаш тілу орны аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала деректер бойынша өртті жоюға жеке құрамнан 25 адам және 8 бірлік техника қатысты.
Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің ауданы 250 шаршы метрді құрады, себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды: объектіде автоматты өрт дабылы және алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Персонал өрт кезінде әрекет ете алу. Ашық отты пайдалану кезінде абайсыздыққа жол бермеуі қерек.
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.
Semey News