
18 мамырда мониторингтік топпен Семейде 267 нысанға тексеру жүргізілді. Соның ішінде күнделікті мониторинпен “жылу картасына” кіретін 259 нысан қамтылды. Сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді бұзудың 4 фактісі анықталды. Сомасы 43 755 теңгені құрайтын 1 хаттама толтырылды. 87 510 теңге сомасында 2 айыппұл өндірілді.
Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, мониторингтік топ 78 нысанға тексеру жүргізді. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдындағы рейдте болған бұзушылық бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 43 755 теңгені құрайтын айппұл салынды (жұмыс орнында маскасыз болғаны үшін).
Алтай ауданында 139 нсан тексерілді, 2 бұзушылық анықталды. Глубокое ауданында 127 нысанда 18 рейд ұйымдастырылды. Өз кезегінде Зайсан ауданында 11 рейд өткізілді, 90 нысан қамтылды.
Сондай-ақ, рейдтер Курчатов қаласында, Абай, Аягөз, Күршім және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News