ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Семей қ. ПБ Затон полиция бөліміне «102» арнасы арқылы 25 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2020 жылдың тамыз айының соңында Шалабай кентінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасаймын деген сылтаумен бейтаныс қыз 650 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгенін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы қызды анықтап жеткізді. Жауап алу барысында күдікті ұрланған ақша қаражатын өз қажеттілігіне жұмсағанын түсіндірді.
Күдікті криминалистік есепке қойылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News