ҚоғамСемейТОП

Семей гарнизонының әскерилері оқу-әдістемелік жиыннан өтті

Семей гарнизонының мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының жетекшілерімен, тәрбие және идеологиялық жұмыстар қызметінің лауазымды тұлғаларымен бір күндік оқу-әдістемелік жиын өтті. 50-ден астам әскерилер тартылды, деп хабарлайды Semey News.

Семей гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын барысында мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша сабақтар жүргізілді және Қорғаныс министрінің бұйрықтары түсіндірілді.

Жиынның негізгі мақсаты – әскери бөлімдерде тәрбие және идеология жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі талаптарын жеткізу, тәрбие құрылымдары офицерлерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру, мемлекеттік-құқықтық даярлық топтары жетекшілерін және олардың көмекшілерін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыда дайындау.

Фото: “Шығыс” ӨҚ
Фото: “Шығыс” ӨҚ
  • Жеке құрамның мемлекеттік-құқықтық даярлығы көбіне топ жетекшілеріне, олардың әдістемелік шеберліктеріне, материалдарды терең түсіндіре білулеріне байланысты. Сонымен қатар, топ жетекшісі – тыңдаушының бойында саналы азамат пен патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға шақыратын тәрбиеші рөлін атқарады, – деп көрсетті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Арынгали Акишев.

Жиынды қорытындылай келе, ол офицерлерге оқу үдерісіне белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Алдағы жазғы оқу кезеңіне арналған тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын ұйымдастыруға міндеттер қойды.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button