Ыстық па, әлде суықпа, немесе инвесторлардың миллиардтық ойындары
Семейде жақында өткен дөңгелек үстел деп аталатын отырыста, аты шулы әйгілі түрік инвесторының өкілдері тағы да ЖЭО-3 құрылысын қозғады. Ол, келісімшарттың бұзылуына атқарушы биліктің кейбір жеке қызығушылықтары болды деп мәлімдейді, деп хабарлайды Semey News.

Алайда, спикер осы іс бойынша нүктені Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты қойғанын ұмытып қалды ма немесе әдейі үндемеді ме. Біз болған жағдайды қалпына келтіруге тырыстық, фактілер «Unit Energy Investment» ЖШС-нің пайдасына емес екенін анық көрсетеді.
Модернизациялауға 386 миллион АҚШ доллары жұмсалып, содан кейін апат болып, ТМД-ны дүр сілкіндірген Бішкектегі ЖЭО туралы әңгіме көпшіліктің есінде екені сөзсіз. Сол уақытта көпшілігі, соның ішінде көрші республиканың экс-премьер-министріде әділеттіктің бақылауында болды. Шығыс Қазақстанда атқарушы билік аса ірі жобаны жауапсыз инвестордың жүзеге асыруына жол бермеді.

Жоспар бар, ал қаражат жоқ…
«Unit Energy Investment» ЖШС Семейдегі ЖЭО-3 құрылысы инвесторына үміткерлердің бірі болды. Әрине, компания өзінің күшті жақтарын, жұмыс жүргізе алатынын дәлелдейтін бизнес-жобасын ұсынды. Бірақ, Семейдің бұрынғы әкімі, қазіргі уақытта облыс әкімінің ТКШ жөніндегі кеңесшісі Ермак Салимов «Казахстанская правда» республикалық газетіне берген сұхбатында, аталған компания өзінің миллиардтаған теңгемен бағаланатын қажетті жабдықтарының, серіктестерінің толық тізімін қамтитын отыз беттен асатын тізімдеме берген, алайда жылу стансасы құрылысына қажетті қондырғылары және қаражаттары болмай шықты деп түсіндірді.
- Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына қосымшада инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларының талаптары нақтылы көрсетілген, – деді Ермак Салимов. – Міндетті тармақтардың бірі – жалпы инвестициялық шығындарды көрсететін қаржылық бөлімі, қаржыландыру көздері, табыстың есептеулерімен жобаның қаржылық моделі және өзін-өзі ақтау кезеңдері. Осындай тармақтардың болмау фактісі – инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тануға негіз.
Тереңірек көз салсақ, одан ары таң қаламыз. Бизнес-жоспарында, Семей қаласының бұрынғы әкімінің айтуынша, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті және қоршаған ортаға әсер ету, рентабелділік және өзін-өзі ақтау уақытын есептейтін бөлім болған жоқ. Сонымен қатар, компания өз жобасында Семейдің жылу қажеттілігін ескермеген, ал бұл өте маңызды!
Назар салсақ, олар бұл құжатта электр қуаты үшін төленетін сома жоғары болатыны туралы ақпаратты қосуды ұмытпаған.
Келісіңіз, «үлкен» инвестордың күмәнді артықшылығы, өйткені жоғарыда аталған компания өзін осылай ұстады. Сонымен қатар, ЖШС 140 га жерді 49 жылға жалға алуға және осы жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін инвестициялық преференцияларға үміттенген.
Бірақ бұған дәлелді себептер болды ма? Ермак Салимовтың айтуынша, тиісті органдардан ЖШС-ға қатысты, осы компанияның қаржылық төлем қабілетсіздігі туралы, сондай-ақ міндеттерін орындамаулары, сонымен қатар бірқатар сұрақтар туындайтын қаржылық тізбелерге қатыстылығы туралы ескерту хатының келіп түсуіне байланысты Семей әкімдігі жобаны іске асыруға келісімін бермеді. Бұл қандай орган, және осы хатта қаржылық алаяқтық туралы және де еншілес компаниялардан қаражат жымқыру туралы ақпарат қамтылған деген болжам жасауға болады. Ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім, сондай-ақ инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тану туралы иск беру негізсіз, тегіс жерде пайда болмайды ғой.

Біз ондайларды білмейміз
Келесі қарсыласу кезеңі басталды. Енді «Unit Energy Investment» ЖШС фирманың серіктестігінде «Сибэнергомаш» АҚБ және Орал турбина зауыты сынды өнеркәсіп гиганттары бар деген хаттары жолданды. Бірақ, осы компаниялардың жауап хаттарында серіктестік қатынастары туралы айтулары расталмады:
«Сибэнергомаш БКЗ» АҚБ «Unit Energy Investment» ЖШС-мен келісімшарттық міндеттемелер жоқ екендігін хабарлады», «Орал турбина зауыты» АҚ «Unit Energy Investment» ЖШС-мен жасалған шарттар жоқ екенін хабарлады». Облыс әкімінің кеңесшісі келтірген осы дәйексөзді, жобаның сәтсіз инвесторлары келтірген аргументтердің дұрыстығының шешен көрсеткіші деп санауға болады.
Мамандармен бизнес-жоспарды талдау барысында тағыда қызықты жағдайлар ашылды. Облыстық ЖТК және энергетика басқармасының басшысы Алмат Ақышовтың айтуынша, оны дайындау кезінде «Unit Energy Investment» ЖШС шикізат жеткізушілерімен ешқандай келісім жасамаған. Шикізат пен материалдардың жекелеген түрлеріне жұмсалған көлемдер туралы мәліметтер болған жоқ. Семейдегі жылу мен электр энергиясының жағдайын сипаттайтын, негізгі бәсекелестерді көрсететін маркетинг бөлімі болмады. Еңбек төлемі туралы мәліметтер және басқа күрделі инвестициялық жобаның сауатты бизнес-жоспарында болуы қажет бөлімдер жоқ. Болмаған!

Іс жүзінде инвестициялық келісімшарттың негізі Семей қаласының аумағындағы жер учаскесі түріндегі табиғи грант болды. Алтын телім. Бірақ, мәселе мынада: ол мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы беріледі, осы жағдайда Семей әкімдігімен (бұл нормалар ҚР Азаматтық кодексінде жазылған). Алайда Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитеті табиғи грант беру мәселесін келісу үшін жергілікті атқарушы органға жүгінбеген. Мүмкін, «Unit Energy Investment» ЖШС қолында Семей әкімінің хаты болуына байланысты мұны қажет емес деп санаған. Бірақ бұл хат – жай ғана ЖЭО-3 құрылысына инвестор болған жағдайда учаске беруді келісу хаты.
Астанадағы сотта Комитеттің мәліметтері жарамсыз деп танылды, сонымен қатар, ҚР кәсіпкерлік кодексіне қайшы. Семей әкімінің хатын атқарушы органның пікірін білдірмейтін, алдын ала келісу деп таныды.
«Астана қалалық соты 2019 жылғы 28 ақпандағы № 2-172/2018 ісі бойынша келесідей шешім қабылдады: ШҚО Семей қаласы әкімінің «ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитеті» ММ және «Unit Energy Investment» ЖШС қатысты 2016 жылғы 21 желтоқсандағы инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тану туралы искілік арызы қанағаттандырылсын».
Алайда бұл шешім қала билігінің қарсыластарын қанағаттандырмады, және түрік компаниясы Жоғарғы сотқа апелляция берді. Жоғарғы орган алдыңғы сот актісінің күшін жоюға негіз таппады.
ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының 2019 жылғы 30 мамырдағы Қаулысымен Астана қалалық сотының 2019 жылғы 28 ақпандағы шешімі өзгеріссіз қалтырылды.
ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі Қаулысымен инвестиция жөніндегі Комитеттің Астана қалалық сотының 2019 жылғы 28 ақпандағы шешімін қайта қарау туралы өтініші қанағаттандырылмады.
Сот нүктесін қойды
Жоғарғы Сот сот ісіне нүкте қойды. «ҚР Жоғарғы Соты комиссиясының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 6001-19-00-2а/26 Қаулысы: астана қалалық сотының 2019 жылғы 28 ақпандағы шешімі өзгеріссіз қалтырылсын, «ҚР сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитеті» РММ және «Unit Energy Investment» ЖШС апелляциялық арызы қанағаттандырусыз қалтырылсын».
Екім заңды субъектілер арасындағы дау Жоғарғы Сотта шешілді, бұл жергілікті атқарушы органның «Unit Energy Investment» ЖШС-не қатысты шешімдері мен талаптарының дұрыстығы мен заңдылығын растайды.
Зейінді бақылаушыда , ЖЭО-3 құрылысын салуға арналған жер учаскесі арнайы «Unit Energy Investment» ЖШС бөлінуіне республикалық органдардың өкілдерінің өзіндік қызығушылығы болды ма? деген сұрақтың болатыны сөзсіз.
Жергілікті атқарушы биліктің сыбайлас жемқорлық туралы қатты айтулар, «жылыту» туралы негіз сөздер және тағыда басқа бос сөздер қазіргі уақытта «ыстық» тақырыпқа айналған, мұны хайп үшін қолданбай күнә. Бүкіл жерге дұрыс емес ақпаратты таратпас бұрын, бастапқы дерек көзіне жүгініп, бар жақтың көзқарастарын білген жөн болар еді.
ЖШС-мен инвестициялық келісімшарт Жоғарғы сот шешімімен тоқталды, сот «Unit Energy Investment» инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп таныды. Семейде, сөзсіз, қала үшін өте қажет ЖЭО салынатын растады Алмат Ақышов. Бірақ, маңызды инфрақұрылымдық нысан құрылысы қазақстандық заңнамалар шеңберінде – мөлдір және тиімді ұйымдастырылады.
Semey News