
Бүгінгі таңда қалалық бизнесмендер Риддерде зардап шеккендерге 18,99 млн. теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетті. Олардың ішінде: “Азия Фирма” ЖШС, “Семей механикалық зауыты” ЖШС, “Номад” ЖШС, “Силикат” ЖШС, “QazaqAstyqGroup” ЖШС, “Эйкос” ЖШС, “Алел” ФИК АҚ, “ARX Minerals” ЖШС, “Соло интерьер” ЖШС, “Санкарай” ЖШС, “Құрылыс” ЖШС, “Олжас” ЖШС, “Семей механикалық-құю зауыты” ЖШС, “Металлист” ЖШС, “Семей аяқ киім фабрикасы” ЖШС, “СӘТ ТРАНС” ЖШС, “ПЛАСТЛИТ” ЖШС, “Пинчук Григорий Васильевич” ЖК, Сағатбеков Мақсат Қалиханұлы ЖК бар.
Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек те жіберілді. “Қаражыра” АҚ өкілдері зардап шеккендерге 1,300 тонна көлемінде азық-түлік өнімдерін жөнелтіп, көмек көрсетті. Риддерге 200 келі қант, сондай-ақ, 584 келі тары, қарақұмық жармасы, арпа жармасы, күріш, бұршақ, 100 келі макарон өнімдері, 20 келі томат пастасы, 15 келі шай, 50 литр өсімдік майы, 48 литр 6% сүт жіберілген.
“Қазэлектромаш” ЖШС Риддер қаласына аталған жүкті жеткізу бойынша көмек көрсетті. “Алел “ФИК” АҚ Риддер қаласын 30 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізді. Азық-түлік Риддер қаласының қоймасына жеткізілді.
Сондай-ақ, “Nur Otan” партиясының Семей қалалық филиалы Риддер қаласында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету акциясын жариялады. Нәтижесінде қала тұрғындары қолұштарын созып, өз көмектерін көрсетуде.
Semey News.