Абай облысы бойынша ҚАЖ-да “Әкем, анам және мен” отбасылық спорттық конкцурсы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Халықаралық Отбасы күнінде ҚАЖ қызметкерлері погондарын спорттық формаға ауыстырып, отбасыларымен бірге “Әкем, анам және мен” отбасылық спорттық конкурсына қатысты. Семей қаласындағы Абай облысы бойынша ҚАЖД әр түрлі мекемелері мен пробацияларынан бес команда қатысып, жылдамдық, ептілік және төзімділік сынды текетіресте күштерін сынасты. Бұл балалар мен ата-аналар үшін жылы атмосферадағы отбасылық, көңілді мереке болды. Залда спорттық позитивті көңіл-күй болды.
Жарыстың әр кезеңі тартысты, әрі қызықты өтті. Ең бастысы – командалардың бірлігі. Әріптестері, туыстары мен достары қатысушыларға қолдау көрсетті.
Жарыста № 21 мекемеден “БАРЫС” командасы, Нұрмадиевтер отбасы спорттық шеберліктің нағыз кереметтерін көрсетіп, І орынды иеленді. Оның барлық мүшелері жүгіруді және секіруді ғана емес, сонымен бірге пайда болған физикалық тапсырманы сапалы және дәл орындады.
Отағасы – Дәурен Нұрмадиев, қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етеді, “қазақ күресімен” айналысқан. жұбайы – Ғалия, Семей мемлекеттік медицина университетінде докторантурада оқиды. Ұлы – Алинұр, 5-сынып оқушысы, барлығы спортпен шұғылданады.
– Мұндай іс-шаралар дәстүрге айналуы тиіс, ҚАЖ жүйесінде спортпен шұғылданатын және тапқыр адамдар қызмет етеді. Ең бастысы, олардың мықты отбасылары, – деп атап өтті кадр саясаты бөлімінің бастығы Гүлнар Исмаилова.
Semeynews.kz