Семей қаласында «Отбасы ағашы» акциясы өтті

Бүгін Халықаралық Отбасы күні аясында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бастамасымен және «Отбасы орталығы» ҚҚ қолдауымен, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында «Отбасы ағашы» акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ағаш отырғызу іс-шарасына ардагерлер, көпбалалы аналар, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысып, 10-нан аса ағаш отырғызды.
Акцияның мақсаты – отбасылық дәстүрлерді нығайту, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру.
«Бүгін Халықаралық отбасы күні аясында ағаш отырғыздық. Осы шара арқылы біз қала тұрғындарын «отбасы ағашын» отырғызып, отбасылық қарым-қатынастарды жақсартуға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға шақырамыз. Акцияға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін» – деп атап өтті Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы О.Соғымбай.
Айта кетейік, бүгін, 15 мамырда отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсы басталды.
Semeynews.kz