Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

МӘМС жүйесінде сақтандырудың жаңа тәсілі қолжетімді

Өткен жылдан бастап қазақстандықтар үшін МӘМС жүйесінде сақтандырудың жаңа тәсілі қолжетімді болды. Егер бұрын өткен айлар үшін жарналарды төлеу талап етілсе, енді болашақ 12 айға жарналар салуға мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта 26 мың адам МӘМС жүйесіне 12 айға алдын ала төлем жасау арқылы сақтандырылған.

Былтыр қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 12 айға алдын ала төлем жасау арқылы 10 мыңға жуық азамат сақтандырылған мәртебесін алды. Ал 2023 жылдың 4 айында 16 мыңнан астам қазақстандық бір жылға алдын ала төлем жасады. МӘМС жүйесінде «сақтандырылмаған» азаматтар, сондай-ақ жүйеге бір де бір рет төлем жасамаған немесе оны жүйесіз жүргізген дербес төлеушілердің барлығы бұл мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысады.

Қазір елімізде 16,4 млн адам медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Абай облысы бойынша 600 мыңнан астам азаматтың 85%-дан астамы сақтандырылған.

Дербес төлеушілер төлем жасаған кезде әр түрлі қате жібереді. Оларды мысалмен түсіндіруді шештік. Мысалы, қазір мамыр айы. 12 айға алдын ала төлем жасаған кезде 2023 жылдың мамыры мен 2024 жылдың сәуір айына дейін дербес төлеуші ретінде жеке-жеке 3500 теңгеден төлеп шығу керек.

«Азаматтар 12 айға төлем жасағанда көп қателеседі. Біреулер бір жылға бір төлеммен төлеп тастайды. Енді біреулер осы жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейін немесе ағымдағы айдан жыл соңына дейін төлеп шығады да сақтандырылған мәртебесі берілмеді деп хабарласады. Дұрысы, алдағы 1 жылға төлем жасағысы келсе, ағымдағы айдан бастап барлығы 12 айға жеке жеке әр айды, жылын көрсетіп төлеу керек. Басқа мерзімге шатасып төлеп қойған азаматтар ақшасын қайтарып ала алады. Ол үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, түбіртектерді қоса тапсыру қажет», – Медициналық сақтандыру қорының Абай облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбилов түсіндірді.

Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз,

Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
• fms.kz ресми сайты,
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• Telegramдағы SaqtandyryBot.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button