Абай облысының ауылдарында интернеттің болмау мәселесін Үкіметте шешеді

Интернеттің жоқтығы мәселесі Абай облысының көптеген ауылдары үшін өзекті болып қала береді. Үкімет бұл мәселені шешумен айналысуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов.
«Бүгінде интернетсіз ауылды дамыту мүмкін емес. Қазіргі уақытта Абай облысының 74 ауылдық елді мекенінде интернет жоқ. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов арнайы отырыс өткізіп, облыс ауылдарын интернетпен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта 9 антенна салу жоспарлануда. Бұған бюджеттен 850 млн теңге бөлінеді. Мамыр айында облысқа жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келеді. Онымен бірге біз ауылдарға талдау жүргіземіз және оған интернетке қол жеткізу проблемалары бар ауылдардың бұрын жасаған тізімін береміз», – деп қорытындылады Айдын Кәрімов.
Semeynews.kz