КриминалСемейТОП

19 жастағы жігіт Семей тұрғынынан ақша мен көлік кілтін ұрлады

Семейде 19 жастағы жігіт қала тұрғынынан ақша мен көлік кілтін ұрлады, деп хабарлайды Semey News.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Орталық ПБ-не қаланың 28 жастағы әйел адам белгісіз адам оның ас үйіндегі шкафынан 140 000 теңге сомасындағы ақша қаражаты мен «Lexus» маркалы автокөлігінің кілтін ұрлағаны туралы арызымен жүгінді. Келтірілген материалдық шығын көлемін 140 000 теңге бағалаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 19 жастағы жігітті анықтап, жеткізді. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті қайтарып берді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Semey News.

Осы айдарда

Back to top button