Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының мектептері “Жасыл мекен” республикалық акциясына қатысты

Еліміздің білім беру мекемелерінде “Жасыл мекен” экологиялық челленджі басталды. Демалыс күндері Абай облысы бойынша оқушылар, студенттер мен педагогтер 14 мың көшет және 17 мың гүл отырғызды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Акцияның ұйымдастырушысы ҚР Білім министрлігі болып табылады

Табиғатты қорғауға және дамытуға, мондай-ақ, ағаш отырғызуға облыс басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев қатысты.

Челлендждің мақсаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғат пен қоршаған ортаға қамқорлық жасау, сондай-ақ балалардың бойында еңбекқорлықты дамыту болып табылады. Бұл экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық хэштегтері бойынша өтуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button