Семейде мектептің оқу ісі меңгерушісі және сынып жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Семей Instagram-дағы пабликтердің бірінде ата-аналардың чатында сыныпты жөндеуге ақша жинау туралы хабарлама орналастырылған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ата-аналар сыныпты бояуға және ақтауға 400 теңгеден тапсыруы керек еді. Мұғалімнің айтуынша, мектеп қажетті материалдармен қамтамасыз етуге уәде берген. Ал ақша барлық жұмысты орындайтын техниктерге төлеу үшін қажет болған.
Пост пайдаланушылар арасында үлкен реакция тудырды. Біреу бүкіл сынып болып жиналып, өздері жөндеу жұмыстарын жүргізген кездерін еске алды, ал біреуі құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді.
Жарияланымға Семей қаласының білім бөлімінде жедел шаралар қабылданды, ағымдағы жылдың 10 мамырында бөлім жалпы білім беру мекемелері мен білім беру ұйымдарында, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінде “Ақша қаражатын заңсыз жинауға тыйым салу туралы” бұйрық шығарғанын түсіндірді.
Сондай-ақ бөлімде кабинетті жөндеуге ақша жинау фактісі бойынша №9 ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына және сынып жетекшісіне тәртіптік жаза жарияланғаны айтылды.
Semeynews.kz