Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде ауқымды “Вело-Марафон” өтті

Бүгін, 13 мамырда Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен, Велоспорт федерациясы және “ВелоШоп Семей” дүкенімен бірлесе отырып, “ВелоМаусым 2023” ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараға кәсіби велошерушілермен қатар әуесқой велосипедшілер де қатысты.

500-ге жуық адам қатысқан шеру Мұхтар Әуезов алаңынан бастау алып, Бейбітшілік аралына дейінгі жолды жүріп өтті. Бейбітшілік аралында шеруге қатысушыларға түрлі викториналар ұйымдастырылды, құнды сыйлықтар табысталды.

Алдағы маусымдарда осындай ауқымды спорттық мерекелер жиі ұйымдастырылып отырады.
Ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғанын, қатысушылардың эмоциясынан-ақ байқасақ болады.

Шараның қауіпсіздігін Семей қаласы полиция басқармасына қамтамасыз етті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button