Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында жоғалып кеткен бала қаңырап қалған үйден табылды

Жарма ауданы Әуезов кентінде жоғалып кеткен алты жасар бала қаңырап бос қалған үйден табылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полиция органының берген мәліметі бойынша, алты жасар баланың жоғалғаны туралы ақпарат 12 мамырда сағат 23.32-де түскен.

Баланы іздеуге дереу Абай облыстық полиция департаментінің жеке құрамы бағытталды.

50-ден астам полиция қызметкері аймаққа іздеу жұмыстарын жүргізді. Іздеуге сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен еріктілер қатысты.

Таңертеңгі сағат 04 шамасында іздеу шараларының нәтижесінде алты жасар Виктор үйіне жақын маңайда орналасқан қараусыз қалған үйден табылды. Бала ойнаған, артынша ұйықтап қалған және қалай қараңғы батқанын байқамаған. Елді мекенді аралап жүрген полицейлердің дауысын естіген ол оянып, оларға жүгіріп шыққан.

Полиция баланы анасына тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button