ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі бизнес-нысандардың басшыларымен кездесті

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Б.Момышұлы көшесі 11 мекенжайында кеңселері орналасқан шаруашылық және бизнес нысандарының басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында ғимараттың қасбетін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды.

Жөндеу жұмыстарына қарамастан, үйдің бірінші қабатында орналасқан бизнес нысандарының сыртқы түрі ешқандай сынға төтеп бере алмайды. Әр дүкеннің билбордтары әртүрлі, ал кейбір нысандардың сырт келбеті қанағаттанарлықсыз жағдайда.

– Санитарлық тазалықты сақтау, үй-жайларды біркелкі әрлеу және бірінші қабатта орналасқан дүкендердің маңдайшаларын үйлестіру үшін нақты шаралар қабылдауды сұраймын. Жұмысты күшейту керек. Бизнес нысандарының сыртқы қасбеттері мәселесіне мұқият қарау керек. Биыл әкімдік қалада 40-қа жуық үйдің қасбетін жөндейді. Кәсіпкерлер қаланы абаттандыру бойынша біз қабылдап жатқан шараларға бір жағынан болысып, қолдауларына балар еді. Тек сонда ғана біз облыс орталығының сыртқы келбетін жақсарта аламыз, – деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Семей кәсіпкерлері өз кезегінде әкімнің ұсыныстарын қолдап, қалалық ғимараттардың қасбеттерін жаңартуға көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button