Семей қаласы әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың өкімімен Мұқатаев Жаныбек Қайратұлы Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мұқатаев Жаныбек Қайратұлы- бұрынғы Семей облысы Семей қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын “Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ жобалар департаментінің маманы қызметінен бастады;
2017-2019 жылдары «Қамқор Локомотив» ЖШС сатып алу және өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері қызметін атқарды;
2019 жылдан 2022 жылға дейін әртүрлі коммерциялық кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарды;
2022 жылдың наурызынан 2022 жылдың тамызына дейін Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарды;
2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың мамырына дейін Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың мамырынан бастап Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Semeynews.kz