ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Қорқынышты оқиға көлік жүргізушісінің маневр жасау кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынанболды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жол көлік оқиғасы Семей қаласының Орталық алаңы маңында, Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында болды.

Облыстық ПД мәлімдеуінше, Hyundai Sonata маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, 25 жастағы жүргізушінің басқаруында келе жатқан Honda маркалы  мотоциклмен соқтығысуға жол берді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды. Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, мотоцикл жолаушысы да зардап шегіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345 – бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-у мүддесі үшін  жария етіуге жатпайды.

Фото: oo_osa_semey_ao

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button