Семейде “МЕН КӘСІПКЕР” бизнесті қолдаудың жаңа жоба таныстырылды
Абай облысы Кәсіпкерлер палатасында шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған кезекті мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Абай облысының ӨКҚ базасында брифинг өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Палата қызметкерлері кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге тегін кеңестер мен курстар өткізетінін хабарлады.
Палата қызметкерлері, облыстық Кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпке бағыт» бағдарламасының менеджері және кеңесшісі Ақылбай Асанов, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Сағида Абдрахманова, саланы дамыту бойынша 1 санатты сарапшы Нұрасыл Мұратов «Мен кәсіпкер» жаңа жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы айтты.
- «Мен кәсіпкер» екі бағытта жұмыс істейді. Бірінші бағыт «Кәсіпкер бағыт» – анықталған қажеттіліктер негізінде кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында шағын және орта бизнес субъектілерін салалық оқыту. Екінші бағыт кәсіпкер әйелдерді қамтиды. Бұл жеті қызмет түрін көрсететін Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы: кеңес беру, кәсіби және іскерлік оқытуды ұйымдастыру, тәлімгерлік, қаржыландыруды тарту бойынша оқыту, халықаралық жобаларға қатысуға көмек көрсету, мемлекеттік бағдарлама құралдарының бірі болып табылатын «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жергілікті шикізаттан алынатын өнімдерге бизнеске шолу жасау және ілгерілету. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту және жергілікті шикізаттан қажетті тауарлар мен өнімдер өндірісін ашу. Қазақстандық «Бір ауыл – бір өнім» моделі өңірлердегі ең перспективалы жобаларды анықтауға және оларды жергілікті шағын бизнестің қолданыстағы қосылған құнды өндіріс тізбегіне біріктіруге негізделетін болады, – деді аймақтық PR маманы Нұрасыл Мұратов.
Жобаның сәтті жұмыс істеуі үшін бес шарт орындалуы керек – жоғары сапалы өнім шығару, өнімнің жоғары сапасы, көшбасшылардың болуы, брендинг жүйесі және жақсы маркетинг.
Semeynews.kz