Семейде дезинсекция жұмыстары жалғастырылуда

Қолайлы ауа райына байланысты Семей қаласының ТҮКШ бөлімі «BioFarmkz» ЖШС-пен бірлесіп, аумақты өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында қаланың барлық ауданында дезинсекциялық жұмыстың екінші кезеңі басталды. Қазіргі таңда жұмыстар «Бейбітшілік» аралы, кіші Ақтөбе, Суық бұлақ, Красный Кордон, Ертіс өзенінің жағалауы, наркологиялық диспансер, Казкрай аудандарында толығымен жүргізілді.
Семейдің барлық аудандарында таяз су қоймалары мен батпақты жерлер өңделді. Осыған орай, ашық стацияларды, кварталішілік аумақ, көшелер, саябақтар, гүлзарлар, елді мекендер және т. б. өңдеу басталды. Атап айтқанда, Әуезов алаңы, Орталық саябақ, Казкрай, Жеңіс саябағы, Энергетик шағын ауданы, Цементшілер және Шығыс кенттерінде дезинсекция жұмыстары жүргізілді. Масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды, бірақ бұл шаралар олардың санын анағұрлым азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Барлық өңдеу 3 тур бойынша өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмысқа 20-дан астам дезинфектор, биолог-энтомолог, моторлы-ранцты бүріккіш, термогенератор, дезинфекциялық машина жұмылдырылды.
Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар, адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі жоқ инсектицидтер қолданылады. Бұл препараттар Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат берілген тізілімге енгізілген.
Semeynews.kz