Абай облысыБілімҒылымҚоғамТОП

Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын ұсынды

Абай облысы Аягөз ауданындағы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын ұсынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

8-сынып оқушысы Айдарбек Бекнұр шаруа қожалығына автоматтандыру жүйесін ұсынды. Қой шаруашылығын автоматтандыру Start-up жобасын ойлап тапты.

Мақсаты-шаруашылықты автоматтандыру жолдарын ұсыну арқылы, қой шаруашылығын өркендетуді Насихаттау.
Өнімнің артықшылығы:
-замануи жабдықтарды пайдалану;
-жоғары сапа;
-төмен бағалар;
-шаруа қожалықтарын автоматтандыру арқылы адамдардың жұмысын жеңілдету.

  • Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынады, су науаға мотор арқылы сорылып құйылады. Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін «электропастух» құрылғысын ұсынамыз. «Электропастух» мобильді, басқа жайылымға апарып орнатуға болады. 2 га жер сымдармен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады. Қорғанның биіктігі – 1 метр, сымға қысқа импульсті 12 вольт электр тоғы келіп тұрады. «Электропастухты» тоқпен қамтамасыз ету үшін аккумуляторды, генераторды пайдаланып, қаражатты үнемдейміз. Сырт жақтан аң кіре алмайды, осылайша малды қауіпсіз жаюға болады,-дейді Бекнұр.

Бекнұр жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың қозғалысын болжамды есептеп, экономикалық тиімділігін де көрсеткен, маркетингтік жоспарын құрастырған.

  • Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып атама көмектесемін. Болашақта шаруашылықты автоматтандыру арқылы атамның жұмысын жеңілдетіп, көмегімді тигізсем деген арманым бар,-Бекнұр арманын айтты.

Айта кеткен жөн, Бекнұр “Қой шаруашылығын автоматтандыру” жобасын мамыр айында өтетін фестивальға дайындауда.

Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Килыбаева Батима Саткеновна.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button