Абай облысының оқушылары электромобиль қуаттаушы станцияларын қамтамасыз ету және жылыжайларды абаттандыруға пайдалану жобасын қорғады
Абай облысы Аягөз ауданындағы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназия оқушылары “Электромобильдер, электромобильдерді қуаттағыш станция және жылыжай” жобасын ұсынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
10-сынып оқушылары Бекен Балауса, Болатова Медина “Электромобиль, электроқуаттағыш станция және жылыжай” жобасын қорғады. Жетекші мұғалім: Килыбаева Батима Саткеновна.
Мақсаты – күн панельдерінен өндірілген энергиямен электромобиль қуаттаушы станцияларын қамтамасыз ету және жылыжайларды абаттандыруға пайдалану.
- Бұл тақырыпты таңдаудағы себеп – Қазақстанда электромобильдер аз қолданыста, әсіресе, электроқуаттағыш станциялар жоқ. Электромобильдерді пайдалансақ, атмосфераға тарайтын көмірқышқыл газының мөлшерін азайтып, ауаны ластаудан қорғаймыз,-дейлі Балауса.
Оқушылар Start up жобаны қаржыландыруға қажет қаражатты болжамды есептеп, экономикалық тиімділігін көрсеткен.
- Жобамызда күн панельдерінен өндірілген электр қуатын электромобильдерді қуаттауды және жылыжайларда қолдануды көрсеттік. Жобаның ерекшелігі электромобиль ЭҚС-ға жақындағанда сымсыз қуатталады,-дейді Медина.
Жобаның маңыздылығы атмосфераға тарайтын көмірқышқыл газының мөлшерін азайту және көкөністерді қолжетімді бағаға сатуда.
Электромобильдер өндірісін жолға қою, электроқуаттағыш станциялар орнату, күн панельдерін тиімді пайдалану арқылы электр қуатын табиғи жолмен алу, жылыжайларды іске қосу арқылы көкөніс өнімдерінің бағасын арзандату қажеттілігі туындауда.
Жасыл энергияны пайдалануды негізге ала отырып, күн панельдерін орнату арқылы өндірілген электр энергиясын электромобильдерді қуаттау станциясын жасауда және жылыжайларда пайдалану-оқушылардың көздеген мақсаты.
- Абай облысының әлеуметтік- экономикалық және экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді,-дейді жоба авторлары.
Айта кеткен жөн, Балауса мен Медина осы жобаларын мамыр айында өтетін фестивальда қорғамақ.
Semeynews.kz