Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП

Семейде Мұрат кентінің тұрғындары жолды жауып тастады

Кент тұрғындары бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған “Семей Мурат Доверие” ҚБ  істеп тұрған кооперативін жабуды талап етуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кент тұрғындары қоғамдық бірлестіктің төрағасы Светлана Кругляченкоға наразылық білдіріп, оны қызметінен босатуды талап етеді. Тұрғындар оны лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыптауда. Олардың айтуынша, жергілікті трансформатор орналасқан қоғамдық бірлестікке бағынудан бас тартқандарға жарықты өшіреді немесе басқа да заңсыз санкцияларды қолданады. Кооператив төрағасының өзі барлық айыптауларды жоққа шығарады және заң шеңберінде қатаң жұмыс істейтінін мәлімдейді.

Кеше қала әкімімен және қалалық прокурормен болған кездесуде тұрғындар тағы да Кругляченконы қызметтен алып тастау туралы талап қойды, келесідей жауап алды: олар кооператив мүшелері болмағандықтан тұрғындарды қызметтен босатуға құқықтары жоқ.

Мұндай шешімді қанағат тұтпаған тұрғындар кооперативтің жабылуына қол жеткізуге ниетті және бүгін саяжай массивіне жолды жауып тастады. Билік тұрғындардың мұндай әрекеттеріне әлі жауап берген жоқ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button