ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдық мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ардақты ағайын! Қадірлі соғыс және тыл ардагерлері!

Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге Семей қаласында 9 майдангер мен 1419 тыл еңбеккері қарсы алып отыр. Оларға құрмет көрсету тек бір күнмен ғана шектелмейді, ерлігі әрдайым дәріптеледі. Соғыс жылдары алыстаған сайын аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты ерлігі жүрегіміздің түбіне терең бойлайтыны ақиқат.

Ардагерлеріміз арамызда аман болып, бейбіт елдің тұтастығы сақталып, әр шаңырақтан береке үзілмесін! Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр,сарқылмас ырыс тілеймін!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Зор ықыласпен, Нұрбол Нұрсағатов

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button