Бүгінгі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған концерттік бағдарламалар 3 бөлімнен тұрады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Дәл қазір Орталық алаңда жергілікті өнерпаздар мен елімізге танымал эстрада әншісі Мадина Сәдуақасовының қатысумен мерекелік концерт өтуде. Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Мерекелік концертті тамашалауға шамамен 4000-ға жуық адам жиналған.
17:00 мен 18:00 арасында Нұрмахан Жантөрин атындағы “Нарын” халықтық аспаптар оркестрінің концерті өтеді.
Ал, 20:00 мен 22:00 арасында қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары мен Жанар Дұғалының қатуымен мерекелік концерт өтеді. Сонымен қатар, отшашу болады.
Semeynews.kz