Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Құрметті Отан қорғаушылар! Қарулы күштердің қадірлі ардагерлері!
⠀
Сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын!
⠀
Осыдан 31 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері құрылып, олар еліміздің қорғанына айналды. Сіздердің ерліктеріңіз, жанкешті қызметтеріңіз бен Отанымызға деген шынайы адалдықтарыңыз баршамызға келер күннің қауіпсіздігіне сеніммен қарауға үміт береді.
Сіздер өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, ғасырлар бойы еліміздің тұтастығы мен халқымыздың бірлігін қаһармандықпен қорғаған аталарымыздың дәстүрлерін жалғастырып келесіздер. Халқымыз өз батырларын ерекше құрмет тұтқан. Елдік жолында күрескен ұландар қашан да ұлықтауға лайықты.
Мерейлі мереке құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, күш-қайрат пен бақ-береке тілеймін. Еліміз көркейе берсін!
Құрметпен, Нұрбол Нұрсағатов.
Semeynews.kz