СемейТОП

Семей қ. ПБ тергеу және анықтау бөлімшелері басшыларының жұмыс кездесуі өтті

Семей қалалық ПБ тергеу және анықтау бөлімшелері басшыларының қатысуымен кезекті жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Semey News.

Фото: Семей қ. ПБ

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің берген мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 14 мамырда полиция басқармасында санитарлық нормаларды сақтай отырып, сот-психиатриялық, наркологиялық сараптама сарапшыларының және Семей қалалық ПБ тергеу және анықтау бөлімшелері басшыларының қатысуымен кезекті жұмыс кездесуі өтті. Аталған семинар барысында сот сараптамаларының көрсетілген түрлерін тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралып, талқыланды. Полиция басқармасының басшылығы сот-психиатриялық және наркологиялық сараптама бөлімінің басшысы М.В.Селезневке, сот наркологиясының сарапшысы Р.Ж.Балтакаева мен сот психологиялық сарапшысы Л.С.Гвалияға өзекті мәселелерді шешудегі іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін алғыстарын  білдірді. Сонымен қатар, сарапшы М.В.Селезнев өз кезегінде сарапшылар мен полиция қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы оң динамиканы атап өтті.

 

Semey News.

 

Осы айдарда

Back to top button