Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейдің Орталық алаңындағы субұрқақ мамыр айының соңында іске қосылады

Қазіргі уақытта субұрқаққа жөндеу жұмыстары және айналасын сырлау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қалалық әкімдік мәліметіне сүйенсек, Орталық алаңда орналасқан субұрқақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты іске қосылмаған. Қазіргі таңда, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Субұрқаққа жөндеу жұмысын жүргізу жалпы қаланы күтіп ұстауға бөлінген қаражат аясында жүзеге асырылады.
«Қазіргі таңда, субұрқақтың айналасын сырлау, әктеу, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Шамамен, мамыр айының 15, 20 күндері іске қосылады деп жоспарлануда.
Мереке күндеріне орай, субұрқақтың іске қосылмауына байланысты тұрғындардан кешірім сұраймыз», – делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Semeynews.kz