СемейТОП

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы

2021 жылдың 17 мамыры мен 16 маусымы аралығында Семей қ. ПБ патрульдік полиция жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істейді, "Қауіпсіз жол" жедел – алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу және анықтау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесі тәртібін сақтауды арттыру.

Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысы бойынша Семей қ. ПБ полиция қызметкерлері облыстағы апаттылық деңгейіне айтарлықтай әсер ететін жол қозғалысы ережелерін бұзудың 293 дерегін анықтады және мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жүргізуші ұсталды. Көлік құралын басқару кезінде телефондарды пайдаланудың 33 фактісі тіркелді.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде 38 факті – жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу, 81 факті – қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау.

Шара барысында жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына да ерекше көңіл бөлінуде. Жедел алдын алу іс – шарасының бірінші күні 49 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Семей қ. ПБ жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button