Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Семей қаласының 40 көшесін жөндеуге үш миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады

Семейде жалпы ұзындығы 50 км болатын 40 көшені 3,2 млрд теңге сомасына орташа жөндеу жоспарланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте айтты.

«Семей қаласы бойынша жалпы ұзындығы 50 км 40 көшеге 3,2 млрд теңге сомасына орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. «Омбы-Майқапшағай « жолынан «Северный» СЛО-ға дейінгі көше құрылысын бастау жоспарлануда. Республикалық бюджеттен 900 млн теңгеге қолдау көрсетілді, жобаның жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрайды», – деді Димитрий Гариков.

Жалпы, ағымдағы жылы Абай облысының автожол саласын қаржыландыру 758 км жол мен 3 көпірді жөндеуге 57,7 млрд теңгені құрайды.

Осылайша, «Талдықорған-Өскемен» жолын 14,2 млрд теңге (394 км) сомасына және «Қалбатау-Майқапшағай» жолын 16,1 млрд теңге (197 км) сомасына, жалпы ұзындығы 271 км 30,3 млрд теңге сомасына қайта жаңарту жалғасады. Сондай-ақ, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз», «Таскескен-Бақты», «Семей-Қайнар», «Семей-РФ шекарасы», жалпы ұзындығы 125 км жолдарды 2 915 млн теңгеге орташа жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар, Димитрий Гариков атап өткендей, жобаларды түзетуге мақұлдау алынды. Қазіргі уақытта мердігерлер техниканы, жабдықты, персоналды жұмылдырудың және жол-құрылыс материалдарын дайындаудың жоспар-кестелерін әзірлеуде, сондай-ақ бұрынғы қазақстандық серіктестердің учаскелерінде карьерлердің рұқсат құжаттарын ресімдейді.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстың 26 тірек елді мекенінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 77 км кентішілік көше – жол желісін орташа жөндеу бойынша 33 жобаны іске асыру жоспарлануда», – деп атап өтті Д.Гариков.

Сондай-ақ, облысты дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде автокөпірді қайта құру жалғасуда, ағымдағы жылы қаржыландыру 7,2 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Аягөз қаласындағы Барақ батыр мен Шәкенов көшелеріндегі екі көпірді қайта жаңартуға қаржыландыру қолдау тапты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button