Семейде монша кешені өртенді

Семей қаласының өрт сөндірушілері монша кешеніндегі өртті жойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 4 мамырда сағат 17:40-та “101” пультіне Найманбаев көшесінде монша кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда барлау жұмыстарына кірісті.
«Барлау жүргізу барысында ақпарат расталды. Екі қабатты моншаның төбесі мен қабырғалардың ағаш конструкциялары жанып, жақын маныңдағы бір қабатты монша мен гаражға таралған. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында көршілес жеке тұрған үй өрттен аман қалды. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы 90 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін монша кешенінің қызметкерлері 2 газ баллонды шығарып үлгерген. Өрттің себебі анықталуда», – делінген ведомство ақпаратында.
Өртті сөндіруге 40 өрт сөндіруші және 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Semeynews.kz