
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.
Шағын және кеңейтілген құрамда өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді. Екі ел президентінің БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәлімдемесін оқырман назарына ұсынған болатынбыз.
Бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөз кезінде биыл Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда серіктесіне айналуы мүмкін екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде Душанбеде өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне қатысатынын растады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы Декларация қабылданды.
Semeynews.kz