Абай облысында келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

Бүгін «Теплокоммунэнерго» МКК директоры Серік Төленбергенов кәсіпорынның барлық бөлімшелері бастықтарының қатысуымен кеңес өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кеңесте 2022-2023 жылғы жылыту маусымының қорытындылары айтылды.
«Теплокоммунэнерго» МКК-ны 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындау бойынша жөндеу жұмыстарының жоспары – 6,7 млрд теңгені құрайды. Жылу көздері мен жылу желілерінің негізгі, қосалқы жабдықтарын ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу кестесі бекітілді.
«Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша біз қазір қыс мезгіліне дайындала бастаймыз. Желілердің тозуын ескере отырып, алдағы жылыту маусымына дайындық жоспарын тұрақты бақылауда ұстау қажет. Осылайша біз алдағы маусымға төнетін тәуекелдерді барынша азайта аламыз», – деп атап өтті Серік Төленбергенов.
Semeynews.kz