ҚоғамСемейТОП

Семейде санитарлық екі айлық аясында сенбіліктер өткізу жалғасуда

Семей қаласының әкімі Нұрбола Нұрсағатовтың Қаулысына сәйкес, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында қаланы санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланған болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Коммуналдық қызметтер бекітілген кестеге сәйкес, рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жою бойынша жұмыстарды қарқынды түрде жүргізуде.
Сонымен қатар, жолдарды, жол белгілерін, аялдама павильондарын жуу жұмыстары жалғасуда.

Құрметті семейліктер! Ең алдымен тұрғындарды тазалық пен санитарлық тәртіпті сақтауға шақырамыз! Барлық тілек білдірушілер 2023 жылдың 6 мамырында өтетін жалпықалалық сенбілікке қатыса алады.

Қаламыздың тазалығы өз қолымызда!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button