Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде санитарлық тазарту жұмыстары жалғасуда

Семейде коммуналдық қызметтер қала көшелерінде санитарлық тазарту жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Коммуналдық қызметтер жолдарды, тротуарларды, жол жиектерін, бетон қоршауларды және көпір қоршауларын, аялдама павильондарын, қоқыс жәшіктерін шаңнан тазарту, сондай-ақ ашық аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Санитарлық тазалау жұмыстары қаланың барлық аудандарында, орталық көшелерінде, тұрғын үй алаптарында жүзеге асуда.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда жоғарыда аталған жұмыстар күшейтіліп, тәулік бойы бақылауда.
Semeynews.kz