Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Семейде қоқысты рұқсат етілмеген аумаққа тастағаны үшін айыппұл салынуда

Аспалы көпірге шыға берісте қоқыс таситын көліктен жолға қатты тұрмыстық қалдықтар түскені үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы Семей қаласының полиция басқармасының инспекторы Бауыржан Сабенов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 803-бабына сәйкес, 2023 жылдың 3 мамыры сағат 15.40 шамасында Семей қаласының Тұрлыханов көшесінде бейнебақылау камерасына жүк көлігінің түсірілгендігі және жолға қатты тұрмыстық қалдықтар тасталғаны туралы хаттама жасады. Осылайша, жүк көлігінің жүргізушісі қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны анықталды. Бұл үшін оған ең төменгі 20 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Құқықбұзушы өз кінәсін мойындады және көрсетілген айыппұлды төлеуге кепілденді.

Құрметті семейліктер! Біздің қаламыздың тазалығына мұқият қарауларыңызды сұраймыз! Қоршаған ортаны сақтау – біздің ортақ міндетіміз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button