
17 мамырда Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, мониторингтік топ 73 нысанға тексеру жүргізді. Рейд барысында бұзушылық анықталған жоқ. Алдыңғы болған рейд барысында анықталған бұзушылықтар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен жалпы сомасы 131 265 теңгеге 3 айыппұл салынды.
Алтай ауданы бойынша 138 нысанға, Күршім ауданында 27, Шемонаиха ауданында 74, Бесқарағай ауданында 19 нысанға тексеру жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сондай-ақ, рейдтер Курчатов қаласында, Абай, Аягөз, Зайсан, Глубокое, Жарма және Ұлан аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News.