Абай облысыДенсаулықҚоғамСемейТОП

Абай облысында 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады

Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау саласы кезең-кезеңімен жақсарып келе жатқанын және сапалы медициналық көмек көрсету бірінші орынға қойылатынын атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сапалы медициналық көмек көрсету көрсеткіштерін жақсарту мақсатында облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына мониторинг жүргізілді, бірқатар жұмыстар жүргізілді:

  • аудандық ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда күрделі жөндеу жүргізілді;
  • облыстық перинаталдық орталықта балаларды динамикалық бақылау және оңалту үшін катамнез орталығы ашылды;
  • балалар МРТ аппараты сатып алынды (магнитті-резонанстық томография);
  • «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» жаңа ғимаратқа көшірілді;
  • облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеуге арналған жабдық сатып алынды.

«2023-2024 жылдары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салуға 10,8 млрд теңге бекітілді. Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасын көп бейінді деңгейге көшіру жобасы қолдау тапты. Сондай-ақ, «Салауатты ұлт» жобасы аясында облыстық перинаталдық орталықты күрделі жөндеу жоспарланған», – деді Шалқар Байбеков.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button