ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі жағалаудың санитарлық тазалығын тексерді

Шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов Ертіс өзені жағалауының санитарлық жағдайын тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда қала әкімі тұрақты түрде қаланың санитарлық тазалығы бойынша бөлім басшыларымен тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Жеңіс саябағын, Бейбітшілік аралы мен жағалаудың санитарлық тазалығын тексерді.

Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы көшесі бойындағы тұрғын үй қасбеттерінің қалпына келтіру жұмыстарының барысын да тексерді.

Қала әкімі жауапты бөлімдерге аталмыш аумақтарды ретке келтіру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мәселелері туралы бірқатар тапсырмаларды берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button